Бүгін Қазақстанның үш ірі қаласында ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 15 мамырда еліміздің басым бөлігінде метеорологиялық жағдайлар қолайлы болады, алайда Астана, Алматы және Шымкент қалаларында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеожағдайлар болжануда.
Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) – атмосферада зиянды заттардың шоғырлануына әкелетін табиғи құбылыстар. Мұндай жағдайда желдің бәсеңдеуі, тұман, инверсия сынды факторлар ауаның ластануына жол ашады.
Мамандардың айтуынша, синоптикалық жағдайлар (жел, жауын-шашын, температура, ылғалдылық) ауа сапасына тікелей әсер етеді. ҚМЖ кезінде тұрғындарға ашық ауада ұзақ уақыт болмауға және қорғану шараларын қабылдауға кеңес беріледі.