Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қалыпты деңгейде

Бүгiн, 08:32
102
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Бүгін, 15 желтоқсанда Қазақстан аумағында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болмайды. Бұл туралы «Қазгидромет» РМКмәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, аталған күні еліміздің бірде-бір қаласында ауа сапасы нашарламайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды ластаушы заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады. Мұндай жағдайда елді мекендерде ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ауаның ластану деңгейі көбіне синоптикалық жағдайларға, яғни желдің жылдамдығына, жауын-шашынға, ылғалдылық пен ауа температурасына байланысты қалыптасады.

Мамандар қолайсыз ауа райы кезінде ашық ауада болу уақытын қысқартуға, әсіресе жол бойында ұзақ жүрмеуге кеңес береді. Балалар мен жүкті әйелдерге серуенді шектеу ұсынылады. Сондай-ақ тыныс алу және жүрек-қан тамырлары аурулары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен бірге алып жүруі тиіс. Ашық ауадағы физикалық белсенділікті азайтып, спортпен жабық кешендерде шұғылданған жөн.

Өзгелердің жаңалығы