Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін Қазақстан қалаларында ауа сапасы қалыпты

Бүгiн, 08:32
98
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

Синоптиктер бүгінге, 9 желтоқсанға арналған ауа сапасы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ел аумағында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілмейді. Бұл күні атмосферада зиянды заттардың шоғырлануына әсер ететін тымық ауа райы, желсіздік, тұман немесе инверсия секілді факторлар болмайды.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде елді мекендерде ауа сапасы нашарлауы мүмкін. Алайда бүгінгі таңда мұндай қауіп жоқ.

Өзгелердің жаңалығы