Бүгін қай қалаларда ауа сапасы төмендейді

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 25 Қаңтар 2026, 08:12
25 Қаңтар 2026, 08:12
725
Фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 25 қаңтарда Петропавл, Көкшетау, Павлодар, Орал, Атырау, Ақтөбе, Алматы қалаларында, түнде Астана және Қостанай қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, – делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх