Бүгін бес қалада жайсыз меторологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 21 шілдеде Атырау, Ақтөбе, Алматы, Астана қалаларында, түнде Қостанай қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, – деп жазылған хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.