Бүгін отандық арнадан Амангелді Сейітхан туралы деректі фильм көрсетіледі

17 Тамыз 2021, 18:47
1577
Бөлісу:
Бүгін отандық арнадан Амангелді Сейітхан туралы деректі фильм көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 20:30-да «Хабар» телеарнасынан танымал журналист, белгілі спорт комментаторы Амангелді Сейтханның жарқын бейнесін еске алуға арналған «Арда туған Амангелді» деректі фильмі көрерменге жол тартады.

Бұл туралы ҚР АҚДМ баспасөз қызметі хабарлады.

Фильм Амангелді ағамыздың қазақ спорт журналистикасына сіңірген еңбегі, қазақ телевизиясында қалдырған қолтаңбасы, оның өзіндік болмысы мен ерекшеліктері туралы. Бұл туынды әріптес болған, қызметтес болған аға-іні, бауырларының естелік пікірлерінен сыр шертеді, - деді жоба авторы Мырзабек Түсіпов.
Еске салсақ, кеше белгілі спорт коментаторы, журналист Амангелді Сейітхан 52 жасына қараған шағында өмірден өтті.
Өзгелердің жаңалығы