Бүгін – Медицина қызметкерлерінің күні

Бүгін Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің күні

 16 Маусым 2024 2024, 09:30
16 Маусым 2024 2024, 09:30
1700

Бүгін Қазақстанда Медицина қызметкерлерінің күні атап өтіледі

Маусымның əр үшінші жексенбісінде дәрігерлер, фельдшерлер, медбикелер, санитарлар кәсіби мерекелерін тойлайды.

Дәрігер болу - кәсібилік пен адалдықты қажет ететін ерекше миссия. Күн сайын миллиондаған адам дәрігерлерге өмірін сақтап, қолдау көрсеткені, үміт бергені үшін алғысын білдіреді.

Бүгінде отандық медицинада бірегей операциялар, оның ішінде жүрекке ота жасалып, сирек кездесетін ауруларды емдеудің жоғары тиімді әдістері енгізілді.

Осы асыл мамандықтың барлық өкілдерін мерекемен құттықтаймыз. Зор денсаулық, бақыт және амандық тілейміз.

Жанқиярлық еңбектеріңіз үшін рақмет!

Наверх