Бүгін Қырғызстанда Президент сайлауы өтеді

10 Қаңтар 2021, 07:46
1609
Бөлісу:
Бүгін Қырғызстанда Президент сайлауы өтеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстанда 10 қаңтарда мерзімінен бұрын Президент сайлауы мен елде басқару түрін таңдау мәселесі бойынша референдум өтеді.

Бұл туралы республикадағы сайлау және референдумдарды өткізуге жауапты Орталық сайлау комиссиясына сілтеме жасай отырып ТАСС хабарлады.

Мерзімінен бұрын Президент сайлауы халықтың шараға қатысу белсенділігіне қарамастан, ал референдум халық белсенділігі 30%-дан астам болған жағдайда өтті деп саналатын болады, - деп мәлімдеді ОСК мүшесі Гульнар Джурабаева.

Оның айтуынша, бірінші турда дауыс беруге келгендердің жартысынан көбі дауыс берген кандидат жеңіске жетеді. Ал бірде-бір үміткер 50%-дан астам дауыс жинамаған жағдайда екінші тур өткізілуі мүмкін.

Сайлау қорытындысын шығаруға 20 күн беріледі. Алайда мерзімінен бұрын сайлау болған кезде қорытынды шығару уақыты қысқарады. Яғни, 15 күн уақыт беріледі. Референдумға келер болсақ, оның қорытындысы 35 күн уақыт ішінде шығарылуы тиіс, - деп түсіндірді ол.
Джурабаеваның сөзінше, бюллетенде үш пункт болады: «президенттік» басқару формасы, «парламенттік» басқару формасы және «барлығына қарсымын».

Айта кетейік, қазір Қырғызстанда президенттік-парламенттік басқару түрі қолданылады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгін Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен мәслихат депутаттарының сайлауы өтіп жатыр. Ел бойынша 12 өңірде 8 141 сайлау учаскесінде дауыс беру басталды. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин алғашқылардың бірі болып дауыс берді.

Өзгелердің жаңалығы