Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңесі өтеді

<p> Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктермен республикалық кеңесі өтеді. </p>

 20 Мамыр 2021 2021, 09:30
20 Мамыр 2021 2021, 09:30
1881

Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласындағы республикалық Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестіктермен республикалық кеңесі өтеді.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің ҚХА хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары З.Кузиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары В.Нәбиев, А.Хамедов, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, ҚХА мүшелері, республикалық этномәдени бірлестіктердің басшылары мен жастар қатысады.

Кеңес шеңберінде ҚХА-ның ХХІХ сессиясында берілген тапсырмаларды іске асыру тұрғысынан Ассамблея мен этномәдени бірлестіктердің алдында тұрған міндеттерді, ҚР АҚДМ этносаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеті жұмысының өзекті мәселелерін, сондай-ақ Ассамблеяның республикалық этномәдени бірлестіктермен бірлескен жобаларын іске асыру барысын талқыланады,-делінген хабарламада.


Наверх