Бүгін елордада 70 жол-көлік оқиғасы тіркелді

<p> </p> <h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астаналықтарға жолдарда абай болу ескертілді. Қалада жол-көлік оқиғалары күрт көбейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық&nbsp;Полиция департаментінің баспасөз қызметі.</h4>

 BAQ.KZ  2 Қараша 2021 2021, 17:01
2 Қараша 2021 2021, 17:01
1063

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астаналықтарға жолдарда абай болу ескертілді. Қалада жол-көлік оқиғалары күрт көбейді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Нұр-Сұлтан қалалық ІІБ патрульдік полиция полкінің кезекші бөлім бастығы Айбек Нартбаевтың айтуынша, елордада сағат 7:00-ден бері 70 жол-көлік оқиғасы тіркелген.

Ауа райы қолайсыздығы мен жауын-шашынға байланысты жүргізушілерден жылдамдықты, қауіпсіз арақашықтықты, маневр жасау ережелерін қатаң сақтауды және көлік жүргізу кезінде мүмкіндігінше мұқият және сақ болуды сұраймыз, – делінген хабарламада.

Наверх