Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.

 BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов Бүгiн 2026, 08:11
Бүгiн 2026, 08:11
182
Фото: BAQ.KZ архиві/Арман Мухатов

Бүгін, 17 наурызда Қазақстанның жеті қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, ауа сапасының нашарлауы Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе, Алматы және Астана қалаларында күтіледі.

Синоптиктердің түсіндіруінше, мұндай жағдайлар әлсіз жел, тұман және ауа инверсиясы салдарынан туындайды. Нәтижесінде зиянды заттар атмосфераның төменгі қабатында жиналып, ауаның ластану деңгейі артады. Бұл тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Наверх