Синоптиктер бүгінге, 30 қаңтарға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мамандардың мәліметінше, Павлодар, Өскемен, Семей, Риддер, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ Астана қаласында түнгі уақытта атмосфералық ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның беткі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін табиғи факторлардың жиынтығы. Оларға тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.
Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауаның сапасы төмендеп, ластаушы заттардың шоғырлануы артуы мүмкін.