Бүгін еліміздің жеті қаласында ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 10 қаңтарға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 istockphoto.com 10 Қаңтар 2026, 08:32
10 Қаңтар 2026, 08:32
488
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 10 қаңтарға арналған ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің болжамнша, бүгін Павлодар, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Алматы және Астана қалаларында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Мұндай жағдайлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты факторлармен байланысты. Соның салдарынан елді мекендерде ауа сапасы уақытша нашарлауы мүмкін.

Наверх