Бүгін еліміздің үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

"Қазгидромет" РМК бүгін, 11 мамырда Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай туралы жариялады.

 istockphoto.com 11 Мамыр 2025 2025, 08:57
11 Мамыр 2025 2025, 08:57
740
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК бүгін, 11 мамырда Қазақстан қалаларындағы метеорологиялық жағдай туралы жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бүгін Қазақстанның көп қалаларында ауа райы қалыпты болғанымен, Жезқазған, Балқаш, және түнгі уақытта Атырау қалаларында ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеожағдайлар — атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді табиғи факторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, т.б.) жиынтығы. Мұндай жағдайда атмосфералық ауаның сапасы төмендеуі мүмкін.

Синоптиктердің айтуынша, ластану деңгейіне желдің жылдамдығы, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты метеофакторлар әсер етеді.

Наверх