Бүгін еліміздің тоғыз қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.

 BAQ.KZ архиві Кеше 2026, 08:54
Кеше 2026, 08:54
114
Фото: BAQ.KZ архиві

"Қазгидромет" РМК бүгін, 15 наурызда елдегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атмосфералық ластанудың қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Орал, Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Ақтөбе қалаларында, түнде Қостанай мен Атырау қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеожағдайлар – тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия сияқты қысқа мерзімді факторлардың әсерінен атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал етеді. Соның салдарынан елдімекендердегі ауа сапасы төмендеуі мүмкін.

Наверх