Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің сегіз қаласында ауа ластанады

16 Шілде 2025, 07:11
403
Бөлісу:
 Архив
Фото: Архив

Бүгін, 16 шілде күні еліміздің сегіз қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжануда. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Қарағанды, Теміртау, Өскемен, Ақтөбе, Алматы қалаларында, сондай-ақ түнде Атырау, Қостанай және Астана қалаларында атмосфералық ауаның ластануына ықпал ететін метеожағдайлар қалыптасуы мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайлар (НМУ) – бұл желдің болмауы, тұман, инверсия сияқты табиғи факторлардың әсерінен зиянды заттардың ауада шоғырлануына әкелетін құбылыстар. Мұндай жағдайда атмосфералық ауа сапасы нашарлап, тұрғындардың денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

Мамандар мұндай күндері сыртқа көп шықпауға, әсіресе тыныс алу органдары сырқат адамдарға сақ болуға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы