Бүгін еліміздің екі қаласында ауа ластанады

Бүгін, 18 тамызда Қазақстанның көптеген қалаларында ауа сапасына қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Алайда Ақтөбеде және түнде Атырауда ауа сапасы нашарлайды.

 istockphoto.com 18 Тамыз 2025 2025, 08:55
18 Тамыз 2025 2025, 08:55
838
Фото: istockphoto.com

Бүгін, 18 тамызда Қазақстанның көптеген қалаларында ауа сапасына қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Алайда Ақтөбеде және түнде Атырауда ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеожағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді факторлар жиынтығы. Оған тыныштық, әлсіз жел, тұман немесе инверсия жатады.

Осындай жағдайда елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы төмендеуі мүмкін. Бұл тұрғындардың денсаулығына әсер ету қаупін тудырады.

Синоптиктердің айтуынша, ауа ластану деңгейінің қалыптасуына жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы секілді метеорологиялық жағдайлар негізгі ықпал етеді.

Наверх