Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бүгін еліміздің 8 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Бүгiн, 08:11
155
Бөлісу:
 istockphoto.com
Фото: istockphoto.com

«Қазгидромет» РМК бүгін, 20 қаңтарда еліміздің сегіз қаласында ауаның ластануына қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілетінін мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Риддер, Атырау, Ақтөбе және Алматы қалаларында ауа сапасы нашарлауы мүмкін.

Мамандардың түсіндіруінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты факторлардың жиынтығынан туындайды.

Соның салдарынан елді мекендерде ауаның ластану деңгейі уақытша жоғарылауы ықтимал.

Айта кетейік, Өскемен қаласында ауадағы екі зиянды заттың мөлшері рұқсат етілген шектен асып кеткен. Қалада соңғы екі күнде желдің болмауына байланысты екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай бүгін кешкі сағат 20:00-ге дейін сақталады.

Өзгелердің жаңалығы