Бүгін еліміздің 5 қаласында ауа сапасы нашарлайды

Мамандар мұндай кезде ұзақ серуендеуден бас тартуға шақырады.

 BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 08:11
Бүгiн 2026, 08:11
149
Фото: BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 24 наурызға арналған ауа сапасының болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайды. Атап айтқанда, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қостанай, Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе және түнде Атырау қалаларында байқалады.

Қолайсыз метеожағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына әсер ететін қысқа мерзімді факторлар жиынтығы. Оған тымық ауа райы, әлсіз жел, тұман және инверсия жатады.

Мамандар мұндай кезеңде елді мекендерде ауа сапасы төмендеп, тұрғындардың денсаулығына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.

Наверх