Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК синоптиктері 19 наурызға арналған ауа райы болжамын жасады.
Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және батысында атмосфералық фронт бөліктерінің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерде жауын-шашын жауады, республиканың қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Кей жерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі сақталады, оңтүстіктің кей жерінде найзағай күтіледі.
Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі, Түркістан облысының кей жерінде найзағай, Қызылорда облысының кей жерінде тұман күтіледі.
Ақтөбе облысының кей жерінде тұман, көктайғақ күтіледі, түнде кей жерде жел 15 м/с күшейеді. Маңғыстау, Алматы облыстарының кей жерінде жел 15-22 м/с күшейеді.
Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.