Бүгін елімізде ауа райы қандай болады

Астана мен бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады.

 depositphotos.com 21 Қыркүйек 2026, 06:35
21 Қыркүйек 2026, 06:35
192
Фото: depositphotos.com

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 21 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады.

Алматыда жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел екпіні 17 м/с-қа дейін жетеді. Іле Алатауында және қаланың таулы аудандарында жел 17-22 м/с-қа дейін күшеюі мүмкін. Алматы облысында да жаңбыр, найзағай және қатты жел болжанып, төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ пен дауыл күтіледі. Жел екпіні кей жерлерде 23-28 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Жамбыл, Қарағанды және Маңғыстау облыстарының жекелеген аудандарында жаңбыр мен найзағай болжанады.

Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Сонымен қатар Астана мен бірқатар өңірде жоғары және төтенше өрт қаупі сақталады. Синоптиктер қатты жел, найзағай, бұршақ және тұман кезінде сақтық шараларын ұстануға шақырады.

Наверх