Бүгін еліміз үшін тарихи күн – Жәмилә Серкебаева

5 Маусым 2022, 12:26
2160
Бөлісу:
Бүгін еліміз үшін тарихи күн – Жәмилә Серкебаева

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Танымал скрипкашы Жәмилә Серкебаева Ұлттық кітапхана ғимаратынада орналасқан №254 учаскеге келіп дауыс берді.

Бұл учаскеде дауыс беру барысы мерекелік көңіл күйде өтіп жатыр. Дауыс берушілерді кіре берістен музыкамен қарсы алады, ғимараттың іші шарлармен безендірілген. Мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін арнайы дауыс беру кабинкалары ұйымдастырылған. Ол жерде компьютер, лупа, құлаққап, көзі нашар көретіндерге арнайы бедерлі бланкі дайындалған.

Қазақстан эстрада және классикалық музыка жұлдызы, Қазақстанның еңбек сіңген қайраткері Жәмилә Серкебаева референдумнан үлкен өзгерістер күтетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізілетінін атап өткен болатын, ол қоғамның барлық саласын қамтиды. Еліміздің дамуына әсер ететін өзгерістер бүгіннен басталып жатыр. Бүгін мерекелік көңіл күйдемін, өйткені бұл тарихи маңызды күн, - дейді Жәмилә Серкебаева.
 

Скрипкашы дауыс беруге ақ түсті киіммен келді, айтуынша оның өзіндік мәні бар.

Ақ түс тазалықтың, болашаққа деген үлкен үміттің белгісі. Жалпы біздің отбасымыз саяси науқанға белсене араласады. Елдегі өзгерісті қолдаймыз, сондықтан дауыс беру науқандарынан қалмауға тырысамыз,-деді скрипкашы Жәмилә Серкебаева.
 

Өзгелердің жаңалығы