Бүгін Астана мектептерінің екінші ауысым оқушылары онлайн білім алады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі қалалық Білім басқармасына сілтеме жасап.
2026 жылғы 10 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлады Астана қаласының білім басқармасы.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, метеорологтардың болжамы бойынша 10 ақпанда Қазақстанда ауа райы тұрақсыз болады. Елдің барлық аймағында жаңбыр мен қар жауып, сондай-ақ жел күшейеді.