Бүгін екі қалада қолайсыз метеоахуал күтіледі

5 Тамыз 2022, 07:46
1326
Бөлісу:
Бүгін екі қалада қолайсыз метеоахуал күтіледі

«Қазгидромет» РМҚК мәліметінше, бүгін Қазақстанның екі қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Алматы қаласында метеорологиялық ахуал 5 тамыз тәулік бойы, 6 тамыз түнде атмосфераға ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қала бойынша ауаның ластану деңгейінің төмен болуы күтілуде.

Содан соң Петропавл қаласында 5-6 тамызға қараған түні метеорологиялық жағдайлар қала атмосферасында ластаушы заттардың жиналуына ықпал етеді. Жалпы қалада ауаның ластану деңгейі көтеріңкі болуы мүмкін, - деп жазды ведомстводан.

Өзгелердің жаңалығы