Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

18 Маусым 2022, 08:38
1426
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа сапасы нашарлайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады.

2022 жылғы 18 маусымда қолайсыз метеорологиялық ахуал Алматы және Петропавл қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық ахуал – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық ахуал кезінде елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы