Бүгін екі қалада ауа ластанады

26 Шілде 2022, 07:35
1330
Бөлісу:
Бүгін екі қалада ауа ластанады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Нұр-Сұлтан мен Алматыда ауа жайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды Қазгидромет. 

2022 жылғы 26 шілдеде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, - делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы