Бүгін Дүниежүзілік аллергиямен күрес күні

Бөлісу:
Бүгін Дүниежүзілік аллергиямен күрес күні
Фото: Pexels.com

Жыл сайын 8 шілдеде Дүниежүзілік аллергиямен күрес күні атап өтіледі, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Аллергия туралы алғаш рет Ежелгі Египетте айтылған, бірақ оны ауқымды зерттеу тек ХІХ ғасырда басталған.

Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Республикалық аллергология орталығының басшысы Арай Батырбаеваның айтуынша, кез келген аллергияның негізгі себептері адамның генетикасына негізделген.

«Аллергия» терминін 1906 жылы балалар дәрігері Клеменс фон Пирке енгізген. Симптомдар ежелден бері белгілі. Аллергия туралы алғаш рет Ежелгі Египетте айтылған, бірақ оны ауқымды зерттеу тек ХІХ ғасырда басталды. Аллергия – бұл организмнің қоршаған ортаның кейбір факторлары -аллергендердің әсеріне жоғары сезімталдық жағдайы, осы заттардың қайта әсерінен өршиді. Бұл аурудың дамуына ықпал ететін факторлардың ішінде ең көп тарағандары: қоршаған ортаның ластануы, психологиялық шамадан тыс жүктеме, климаттың өзгеруі, сапасыз тамақ өнімдері, дәрі-дәрмектерді бақылаусыз қолдану,- дейді Арай Батырбаева.

Бүгін Дүниежүзілік аллергиямен күрес күні

Дәрігердің айтунша, аллергия көбінесе ерте жаста тағамға жоғары сезімталдықпен пайда бола бастайды.

Аллергиялық аурулардың алдын алу үшін аллергия тудыратын заттарды анықтау және есте сақтау қажет. Олармен байланыста болудан аулақ болыңыз, қажет болған жағдайда өзіңізге қалай көмектесуге болатындығын біліңіз. Егер өсімдік тозаңына аллергияңыз болса, ауа температурасы жоғары болған кезде күнге шықпаңыз, масканы қолданыңыз. Егер жәндіктер шағып, орнындажәндіктің уы қалса, оны алып тастаңыз және тістеген жерге суық компресс қойыңыз. Үйдегі дәріқобдишасында дәрігер тағайындаған дәрі-дәрмектер болуы керек. Өздігінен емдеумен айналыспай,медициналық мекемеге жүгініңіз, - дейді дәрігер.

Айта кету керек, КІАҒЗИ Республикалық аллергология орталығында аллерголог дәрігерлердің білікті кеңестері, аллергиялық ауруларды диагностикалау және емдеу жүргізіледі. 

Қабылдау күн сайын МӘМС шеңберінде және ақылы негізде сағат 8:00-ден 17:00-ге дейін Әйтеке би көшесі, 120/1 және Пятницкий көшесі, 52 мекенжайы бойынша жүргізіледі. 233-00-90 және 309-08-99 телефондары арқылы жазылуға болады.

Өзгелердің жаңалығы