Синоптиктер 20 қазанда ел аумағында болатын метеорологиялық қауіпті құбылыстарға болжамды жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, солтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер республика аумағында қар мен жаңбыр түріндегі жауын-шашынның түсуіне себеп болады.
Сондай-ақ солтүстік-батыс, солтүстік, орталық, шығыс өңірлерде қар көп жауады, - делінген хабарламада.
Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде қалың қар түседі.
Республика бойынша желдің жаяу бұрқасынмен күшеюі, тұман мен көктайғақ күтіледі.