Бүгін бірқатар аймақта аптап ыстық болады – Қазгидромет

10 Шілде 2022, 12:54
1642
Бөлісу:
Бүгін бірқатар аймақта аптап ыстық болады – Қазгидромет

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Бүгін 10 шілдеде бірқатар аймақта аптап ыстық болады.

 Бұл туралы Қазгидромет хабарлайды. 

Синоптиктердің болжауынша, Нұр-Сұлтанда күндіз найзағай ойнайды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай болуы мүмкін. 

Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-шығысында желдің екпіні 15-20 м/с. Күндіз 10 шілдеде Қарағанды облысының солтүстігінде қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Ақтөбе облысының солтүстігінде найзағай ойнайды. Шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 16 м/с, – деп жазды Қазгидромет.

 Күндіз 10 шілдеде Қостанай облысының оңтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында екпіні – 15-20 м/с. Қызылорда облысының басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. 

Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15-20 м/с. Күндіз Атырау облысында 37 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы