Бүгін бірнеше өңірде қар аралас жаңбыр жауады

Синоптиктер 5 ақпан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

 BAQ.KZ архив 5 Ақпан 2024 2024, 08:10
5 Ақпан 2024 2024, 08:10
2099
Фото: BAQ.KZ архив

Синоптиктер 5 ақпан, дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Еліміздің аумағының басым бөлігінде 5 ақпан күні атмосфералық фронттарға байланысты қар аралас жаңбыр жауады.

Қазақстан бойынша тұман шөгіп, жел күшейеді. Көктайғақ пен боран болады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін синоптиктер қолайсыз ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жасаған болатын.

Наверх