Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды

Бүгiн, 07:51
128
Бөлісу:
Бүгін бес қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: архив

«Қазгидромет» РМК синоптитері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

23 шілдеде Өскемен, Семей, Риддер, түнде Астана, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Өзгелердің жаңалығы