Ақын «Лениншіл жас» газетінде әдеби қызметкер, «Социалистік Қазақстан» газетінде жауапты хатшының орынбасары, Қазақ мемлекет көркем әдебиет баспасында редактор, ҚР Баспасөз жөніндегі мемлекеттік комитетінде қызметтер атқарған, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Әбдікәрім Ахметовтің алғашқы жинағы «Өлеңдер» деген атпен 1953 жылы жарық көрген. Оның философиялық терең ойға, нәзік сезімдерге толы «Халықбек», «Екінші дәптер», «Нан туралы сөз», «Өшпеген жалын», «Толқындағы өмір» т.б. өлеңдері мен поэмалары көпшілікке жақсы таныс. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылған.
Қаламгер А.Пушкин, М.Лермонтов, А.Твардовский, С.Маршак, Э.Межелайтис т.б. ақындардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. 1973 жылы қарақалпақ әдебиетінің классигі Бердақ ақынның таңдамалы толғаулары мен дастанын қысқаша жырлап, жеке кітап етіп шығарды.
Қаламы қарымды ақынға «Баспа озаты» деген құрметті атақ берілген.