Бүгін батыстан басқа өңірлерде ауа райы құбылмалы болады

26 Тамыз 2020, 04:07
1669
Бөлісу:
Бүгін батыстан басқа өңірлерде ауа райы құбылмалы болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 26 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады. Соған сүйенсек, бүгін де Қазақстан аумағының басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады.

Атмосфералық ауа ағындардың өтуіне байланысты жаңбырмен бірге найзағай күтіледі. Оңтүстікте қатты жаңбыр жауады, тек батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерінде тұман, желдің күшеюі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Солтүстіқ Қазақстан облысының кей жерінде тұман, дауыл күтіледі, жел түнде кей жерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерде бұршақ болады.

Түнде және таңертен Ақмола, Қостанай облыстарында, түнде Павлодар облысының кей жерінде тұман күтіледі, күндіз Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында бұршақ жаууы ықтимал.

Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерінде жел найзағай кезінде 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында тұман күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал.

Күндіз Қызылорда облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысында, Түркістан, Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы