Бүгін Азия чемпионатында бес қазақ боксшы жүлдеге айқасады

6 Желтоқсан 2024, 10:42
293
Бөлісу:
Бүгін Азия чемпионатында бес қазақ боксшы жүлдеге айқасады
Фото: ©instagram.com/boxingkazakhstan

Бүгін, 6 желтоқсанда Таиландтың Чангмай қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында ширек финалдық айқастар өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Рингке Қазақстан атынан бес боксшы сынға түседі. Жекпе-жектерді Азия бокс конфедерациясының You-Tube арнасынан тамашалай аласыз. Басталуы 12:00.

Жарыс кестесі мынадай:

№4. Санжар Тәшкенбай - Мехрон Шафиев (Тәжікстан) - 48 кг;

№ 5. Сәкен Бибосынов - Асилбек Жалилов (Өзбекстан) - 51 кг;

№9. Махмұт Сабырхан - Джаянатх Кумар (Шри-Ланка) - 54 кг;

№15. Мұхаммедсабыр Базарбайұлы - Сомчай Вонгсуван (Таиланд) - 63,5 кг;

№18. Сағындық Тоғамбай - Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан) - 92 кг.

Кеше 60 келіде өнер көрсететін Бейбарыс Жексен жарыстан шығып қалды, ол тәжікстандық Акмаль Убайдовқа есе жіберді, ал жалпы Қазақстан құрамасынан әзірге үш боксшы осы турнирде жүлдесіз қалды.

Өзгелердің жаңалығы