Бүгін Атырау мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды

14 Сәуір 2025, 07:49
1047
Бөлісу:
Бүгін Атырау мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Фото: istockphoto.com

"Қазгидромет" РМК 2025 жылғы 14 сәуірге арналған ауа сапасына болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, бүгін Атырау және Ақтөбе қалаларында ауаның ластануына ықпал ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтілуде.

Мұндай жағдайлар — тұман, жеңіл жел, тымық ауа райы және инверсия сияқты қысқамерзімді метеофакторлардың әсерінен атмосфералық ауаның төменгі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына себеп болады.

Мамандар тұрғындарды аса қажет болмаса, сыртқа шықпауға және қорғану шараларын сақтауға кеңес береді.

Өзгелердің жаңалығы