Бүгін Астанадан 20 мың текше метрге жуық қар шығарылды

Астанада қар күреу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Қалалық коммуналдық қызметтердің мәліметінше, күн сайын елордадан ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

 Астана қаласының әкімдігі 10 Желтоқсан 2025 2025, 21:49
10 Желтоқсан 2025 2025, 21:49
760
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Астанада қар күреу жұмыстары тәулік бойы жалғасуда. Қалалық коммуналдық қызметтердің мәліметінше, күн сайын елордадан ондаған мың текше метр қар шығарылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Астана әкімдігіне сілтеме жасап.

10 желтоқсан күні күндізгі ауысымда қала аумағынан 1 682 рейспен 20 мың текше метрге жуық қар шығарылған.

11 желтоқсанға қараған түні қар тазалау жұмыстарына 378 жол жұмысшысы және шамамен 1 200 арнайы техника жұмылдырылды.

Қыс маусымы басталғаннан бері Астанадан 30 665 жүк көлігімен 391 мың текше метрден астам қар шығарылған.

Алдымен негізгі магистральдар мен қоғамдық көлік жүретін көшелер тазартылады. Бұдан кейін аулалар, тротуарлар, алаңдар және аялдамалар рет-ретімен қардан аршылады.

Астана әкімдігі тұрғындар мен қонақтарды ауа райының қолайсыз кезінде сақтық шараларын сақтауға, жолдарда абай болуға және аса қажеттілік болмаса, ұзақ сапардан бас тартуға шақырады.

Наверх