Бүгін Астанада жаңа Конституцияға арналған диалог өтеді

Спикерлер азаматтардың сұрақтарына жауап береді.

 Бүгiн 2026, 09:25
Бүгiн 2026, 09:25
169

Бүгін сағат 11:00-де Астанада "Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер" атты партияаралық диалог өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Студиялық форматта ұйымдастырылған пікірталас "Qazaqstan" телеарнасының YouTube, Facebook, Instagram және TikTok платформаларында, сондай-ақ "Хабар" телеарнасының YouTube-арнасында тікелей эфирде көрсетіледі.

Дебатқа 7 партиядан 14 спикер қатысып, Конституция жобасына қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, азаматтардың сұрақтарына жауап береді.

Наверх