Бүгін елордада халықты төтенше жағдайлар жөнінде құлақтандыруға арналған дабыл жүйелері іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ «109» қызметіне сілтеме жасап.
Құрметті астана тұрғындары және қонақтары! 2023 жылдың 14 маусымында сағат 09: 55-те Астана қаласы Төтенше жағдайлар департаменті электродабылдарды қоса отырып, азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесіне тексеру жүргізеді. Үрейге берілмей сабыр сақтауларыңызды өтінеміз, - делінген хабарламада.