Бүгін Астанада ашық аспан астында мерекелік концерт өтеді

Бүгiн, 13:08
180
Бөлісу:
Бүгін Астанада ашық аспан астында мерекелік концерт өтеді
Фото: елорда әкімдігінің сайты

Елордада Халықаралық жастар күніне орай Есіл өзенінің жағалауы, Кенесары хан ескерткішінің алаңында «ЖАСТАРМЕН БІРГЕ» OPEN AIR ашық аспан астындағы мерекелік концерті өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның мақсаты – Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы жастар арасында шығармашылықты дамыту, жастар арасында бос уақытты ұйымдастыру, жастардың қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру, жастарға мерекелік көңіл күй сыйлау. 

Кеш қонақтары Дастан Оразбеков, Ізбасар Кеңесов, Жеңіс Ғарифулла, Нурик Бармаков сияқты жастар арасында танымал отандық эстрада жұлдыздары болады, ал кешті BayGUYS тобы жүргізеді. 

«Жастармен бірге» жастар фестивалінде Instagram әлеуметтік желісінде жастар арасында өткен «Абай жолымен» байқауының жеңімпазы марапатталады. Сыйлық – Iphone 15 pro. 

Мерекелік концертте жастар арасында 50 бағалы сыйлық (power bank, құлаққаптар, үндеткіш) ойнатылады. «Open Air» фестивалі қала тұрғындары мен қонақтары үшін тегін өткізіледі.

Өзгелердің жаңалығы