Бүгін Астанада 15 автобустың бағыты өзгерді

Бөлісу:
Бүгін Астанада 15 автобустың бағыты өзгерді

27 қазан күні Астанада 15 автобустың бағыты өзгеретіні хабарланды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сағат 08:00-ден 14:00-ге дейін №12, 15, 15 А, 18, 19, 21, 32, 35, 43, 46, 50, 55 А, 55 Б, 61, 70 бағыттарының қозғалысы уақытша өзгереді, – деп жазды "City Transportation Systems" ЖШС.

Себебі, ЛРТ құрылысына байланысты Мәңгілік ел даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында қозғалыс жабылады.    

Өзгелердің жаңалығы