Бүгін Астана мен Алматыда ауа сапасы нашарлайды

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 20 ақпанға арналған еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ архиві 20 Ақпан 2026, 08:54
20 Ақпан 2026, 08:54
645
Фото: BAQ.KZ архиві

«Қазгидромет» РМК бүгінге, 20 ақпанға арналған еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Синоптиктердің мәліметінше, Алматы қаласында, сондай-ақ түнгі уақытта Астана қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфераның төменгі қабатында зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқамерзімді факторлардың жиынтығы. Олардың қатарына тымық ауа райы, желдің әлсіздігі, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайда елді мекендердегі ауа сапасы нашарлап, ластаушы заттардың шоғырлануы артуы мүмкін.

Наверх