31 қазанда Қарулы күштердің байланысшылары өздерінің кәсіби мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл күні 1994 жылы Қорғаныс министрінің директивасына сәйкес ҚР Қарулы күштері Бас штабының Байланыс басқармасы құрылды.
Бүгінде әскери байланысшылардың жарақ құрамында станциялар, әмбебап мобильді кешендер және командалық-штабтық машиналар бар.
Осы техникалық құралдар мен жаңа технологиялар арсеналының көмегімен байланыс әскерлерінің мамандары Қорғаныс министрлігінің оқу-жаттығулары мен ауқымды іс-шаралары кезінде күнделікті қызметте құрамаларды, бөлімдер мен бөлімшелерді үздіксіз және тұрақты басқаруды қамтамасыз етеді.