Бүгін – «Аналар күні»

19 Қыркүйек 2021, 12:48
18156
Бөлісу:
Бүгін – «Аналар күні»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елімізде «Аналар күні» аталып өтілуде. Бұл мереке 2012 жылы Елбасы – Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен бекітілген болатын.

2011 жылы өткен Әйелдер съезінде Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандағы әйелдер қауымы тәуелсіз еліміздің қалыптасуы мен аяғынан нық тұруында айрықша маңызға ие болғандығын атап өтті.

Қыркүйектің үшінші жексенбісінде аталып өтілетін «Аналар күні» аяулы жандарды ұлықтауға арналған. Перзенті үшін Әр адамның өмірінде ананың рөлі ерекше екені айтпаса да түсінікті. Жалпы адамзаттың ана алдындағы парызы көп.

Айта кететін жайт, аналарды құрметтеуге арналған мереке әлемнің көптеген елдерінде әр түрлі уақытта тойланады. Мәселен, АҚШ, Германия, Италия, Дания, Түркия, Жапония мен Бразилия елдерінде аналар мейрамы мамырдың екінші жексенбісінде аталып өтіледі. Ал Қазақстанда Елбасының бастамасымен күздің алғашқы айына бекітілген.

Қай заманда болсын аналар қауымның қоғамдағы рөлі аласарған емес. Ел демографиясының басты тұтқасы ақ жаулықты аналар «Алтын алқа», «Күміс алқамен» марапатталады. Биыл шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның жастар қозғалысы мен Аналар кеңесінің жұмысына ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Сонымен қатар Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Аналар кеңесінің кеңейтілген отырысын өткізді.

BAQ.KZ редакциясы әр шаңырақтың ұйытқысы болып отырған асыл жандарымыз - Аналар қауымын мерекемен құттықтайды.

Өзгелердің жаңалығы