Бүгін Алматының үш ауданында су болмайды

26 Тамыз 2020, 05:20
1531
Бөлісу:
Бүгін Алматының үш ауданында су болмайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы қаласының Медеу, Түрксіб, Жетісу ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады. Бұл туралы "Алматы су" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлімдеді.

26 тамыз күні таңғы сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Медеу ауданындағы Ахундов, Бейімбет, Бестужев, Блок, Гурилев, Қабілов, Қаратал, Клубная, Лисаковский, Менделеев, Набережный, Погодин, Полетаев, Рубцовский, Сазанов, Сарыбай, Сырдария, Таиров,Тәттібеков, Титов, Тюленина, Үштөбе, Халиулина, Чаплина, Щучинск, Екібастұз көшелерінде орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандар суық судан ажыратылады, - деп хабарлады "Алматы су" МКК.

Ал 27 тамыз күні Түрксіб ауданында орналасқан "Атырау-1", "Нұршашқан" шағынауданы, әуежай маңындағы үйлер мен Алматы облысына қарасты Бесағаш ауылында суық су болмайды.

27 тамызда сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін Жетісу ауданында орналасқан "Айнабұлақ-4" ықшамауданың №166, №194б тұрғын үйі мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру шектеледі, - делінген хабарламада.

Әлеуметтік нысандарға су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады.

Өзгелердің жаңалығы