Бүгін, 19 наурызда Қазақстанның сегіз қаласында – Қостанай, Павлодар, Өскемен, Риддер, Орал, Ақтөбе, Алматы және Астана ауа сапасының нашарлауы мүмкін. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – тыныштық, әлсіз жел, тұман және инверсия сияқты факторлар – зиянды заттардың атмосфералық ауада жиналуына ықпал етеді. Мұндай кезде тұрғындардың денсаулығына қауіп төнуі мүмкін.
Синоптиктердің кеңестері:
- Ашық ауада болу уақытын қысқарту, әсіресе жол бойы немесе ластанған аумақтарда. Балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден аулақ болу керек.
- Созылмалы өкпе, жүрек-қан тамырлары аурулары немесе аллергиясы бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерін бірге алып жүруі қажет.
- Физикалық белсенділікті шектеу. Жаттығулар мен спортты тек жабық спорт кешендерінде өткізу ұсынылады.