Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМК синоптиктері Қазақстан қалаларындағы ауа сапасы туралы айтты.
10 сәуірде Нұр-Сұлтан, Алматы және Павлодар қалалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.