Бүгін 13 қалада ауа сапасы нашарлайды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 BAQ.KZ. 28 Қараша 2024 2024, 08:12
28 Қараша 2024 2024, 08:12
628
Фото: BAQ.KZ.

"Қазгидромет" РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына қатысты болжамын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

"Қазгидромет" синоптиктерінің болжамы бойынша, 28 қарашада ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары Алматы, Астана, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Семей, Риддер, Қарағанды, Теміртау, Павлодар, Көкшетау, Қостанай және Петропавл қалаларында күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Наверх