Жеке сот орындаушылары палатасының төрағасы Нұржан Арынғазинов борышкерлердің есепшоттарын бұғаттау мәселесіне қатысты сынға жауап беріп, жүйедегі кемшіліктер бар екенін ашық айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұған дейін спикерге Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев сұрақ қойған болатын.
Өз кезегінде Жеке сот орындаушылары палатасының төрағасы Нұржан Арынғазинов бұл мәселелердің бар екенін мойындап, түсіндірді.
Оның айтуынша, сот орындаушылары есепшотқа тыйым салғанда қаражаттың қайдан түскенін көре алмайды.
Банк шотындағы қаражаттың зейнетақы немесе жалақы екенін біз көрмейміз. Мұндай ақпаратты банктер бермейді. Сондықтан азаматтарға арнайы шот ашып, қаражатты сол жерге аудару ұсынылады. Ол шоттарға тыйым салынбайды, - деді Арынғазинов.
Сондай-ақ ол сот орындаушыларына заң талаптарын орындау міндетті екенін атап өтті.
Егер сот орындаушы тиісті шектеулерді қолданбаса, ол жауапкершілікке тартылады немесе лицензиясынан айырылуы мүмкін, - деді ол.
Бұдан бөлек, төраға борышкерлердің мәселесін шешуге бағытталған мобильді қосымша (E-Salyq-Azamat) іске қосылғанын айтты.
Мобильді қосымша арқылы азаматтар құжаттарын жолдай алады. Қазірдің өзінде 150 мыңнан астам адамның мәселесі шешілді, - деді Арынғазинов.
Алайда депутат бұл жауапқа қанағаттанбай, ақпараттық жүйелердің мүмкіндігіне күмән келтірді.
Зейнеткер екенін білмей қалды дегенді түсінбедім. Қазір барлық ақпараттық жүйелер дамыған, адамның туған жылы да, мәртебесі де көрініп тұр. Сонда бұл мәліметтер қайда? - деді Баққожаев.
Бұл мәселеге жауап ретінде Арынғазинов тиісті интеграциялық жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Еске салайық, бұған дейін