Бұдан былай ойыншы жерден жеті теңге іледі

28 Қараша 2021, 15:41
3764
Бөлісу:
Бұдан былай ойыншы жерден жеті теңге іледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық спорт қауымдастығы ұлттық спорттың ерекше ойындарының бірі Теңге ілу ойынының ережесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізуді ұсынды.

Бұл ұсыныс елордада өтіп жатқан Ұлттық спорт қауымдастығының 2021 жылды қорытындылауға арналған кеңейтілген алқа мәжілісінде талқыланды.

Бұған дейін Теңге ілу спортына қатысатын спортшы белгіленген қашықтықта, белгіленген уақыт аралығында жерден 5 теңгені ілуі керек болатын. Биылғы ережеге енгізілген негізгі ерекшелік бойынша 2022 жылдан бастап финалға шыққан спортшылар жерден 7 теңге ілетін болады. Алайда теңге саны көбейгені мен ойын ережесінде бекітілген қашықтық пен теңгені ілу барысындағы уақыт ұзақтығына өзгеріс енгізілмейді.

Бұл өзгертудің басты мақсаты жеңімпаз ойыншының шеберлігін елге таныту болса, екіншіден теңге ілу спортын қызықты әрі тартысты өтуін көздейді - дейді ұлттық спорт өкілдері.
Өзгелердің жаңалығы