Бұдан былай елімізде несие кешірілмейді

20 Қазан 2023, 15:54
1305
Бөлісу:
Бұдан былай елімізде несие кешірілмейді
Фото: - архив

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова бұдан былай қазақстандықтардың несиесі кешірілмейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Оның айтуынша, 2019 жылы кредит кешірілгеннен соң қаржы секторындағы несие қайтадан өскен.

Оның ішінде, проблемалық несиелер саны да артты. Егер мемлекет қайта-қайта қаржы бөліп, қарызды кешіре берсек, несиелер тағы да көбейе береді, - деп түсіндірді агенттік басшысы Мәжілістің кулуарында журналистерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар ол не себепті коллекторлық агенттіктерге жауапкершілік күшейтілетініне тоқталы.

Олар заңға сәйкес проблемалық берешекті реттеудің міндетті рәсімін жасауы қажет болады. Қарыз алушы жүгінсе, ол осындай рәсімді өткізуге міндетті. Биылдан бастап осы рәсімді жүйелі түрде қолдану үшін Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес барлық банк пен микроқаржы, коллекторлық ұйымдар өз жобаларын жасады. Проблемалық несиелермен жұмыс істеудің жеке жоспарын әзірледі. Жоспарға сәйкес, алдағы уақытта 1 млн 449 мың адамды қамту жоспарда бар. Оның ішінде, банктердің несиені қайта құрылымдауы, қарызды ішінара немесе толық есептеу шығару шаралары қамтылады. Мәселен, төлеуге шамасы жоқтардың немесе қарыздың сомасы үлкен болмаса, бірнеше жылдан бері проблемалық несиесі болса, банктер өз есебінен оны ішінара немесе толық жабады, - деді Мәдина Әбілқасымова.

Бұған дейін Мәдина Әбілқасымова елімізде микронесие беру тоқтатылуы мүмкін екенін айтты.

Өзгелердің жаңалығы